ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІ КЕШЕ 329 АДАМДЫ ІНДЕТТЕН ЕМДЕП ШЫҒАРДЫ

Уақыты: 30.04.2021
Оқылды: 1023
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында өткен тәулікте 180 адамнан коронавирус анықталды. Ал 329 адам індеттен емделіп шыққан. Өңір әлі "сары аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 30, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Талғар ауданында – 20, Панфилов ауданында – 17, Іле ауданында – 12, Көксу ауданында – 11, Ұйғыр ауданында – 10, Алакөл ауданында – 8, Қарасай және Қаратал аудандарында 7 жағдайдан, Балқаш ауданында – 6, Жамбыл ауданында – 5, Ескелді - 3, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Қапшағай, Текелі қалаларында 4 жағдайдан тіркелді.

Ауруханаларда 2443 адам ем қабылдауда, соның 51-ның жағдайы ауыр. Бір тәулікте 217 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 50,9 пайызға толған. Соңғы 3 күнде 10077 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Науқастармен қарым-қатынаста болған 429 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Құрметті жетісулықтар! Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан бұрынғыдай адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, үйде болып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан