ВАКЦИНА САЛДЫРУ ҚАЖЕТ ПЕ? МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН АЙТТЫ

Уақыты: 06.06.2021
Оқылды: 1508
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазіргі таңда ковидке қарсы иммунитет қалыптастыру үшін вакцина салудың қажеттілігі айтылып жатыр.

Вакцинаны алу-алмау туралы екі түрлі пікір қалыптасқан. Өз басым вакцина салдыру дұрыс деп есептеймін. Адамға бірінші денсаулық керек. Әлемді жайлаған коронавирус әлі басылмай тұр. Адамдардың жаппай вирус жұқтырмауы үшін мемлекет тарапынан түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Алайда жұқпалы ауруға жаппай қарсы тұру үшін әлі де топтық иммунитет қалыптаспаған.

Ғалымдардың айтуынша топтық иммунитет қалыптастырудың жолы - тек вакцина алу. Бірақ өз денсаулығын, туған-туысының, айналасындағы адамдардың қамын ойлаған әрбір азамат вакцина алуы қажет деп санаймын. Өзім мектепте мұғалім болғандықтан біз балалармен жұмыс жасаймыз. Ал олардың денсаулығы біз үшін өте маңызды.

Қашықтан оқыған бір жарым жылдың ішінде ата-аналар да, мектеп мұғалімдері де, оқушылар да  дәстүрлі оқудан артығы жоқ екенін түсінді. Егер біз алдағы оқу жылын бұрынғыдай қалыпты жағдайда, мектеп қабырғасында бастағымыз келсе, екпе салдыруымыз қажет деп есептеймін. Вакцина арқылы осы аурудың беті қайтсын деп тілеймін.

Жанар ҚОЖАНОВА,

М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы