Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ІНДЕТ ЖОҚ ДЕМЕҢІЗ! АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1337 АДАМ АУРУХАНАДА ЖАТЫР

Уақыты: 05.10.2021
Оқылды: 872
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Індет жоқ деп босаңсуға болмайды. Соңғы тәулікте Алматы облысында 169 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыс әлі "сары аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 37 жағдай, Еңбекшіқазақ ауданында – 29, Талғар ауданында – 19, Қаратал ауданында – 14, Панфилов ауданында – 11, Текелі қаласында – 9, Алакөл және Кербұлақ аудандарында 8 жағдайдан, Қарасай ауданында – 6, Ескелді, Іле және Көксу аудандарында 5 жағдайдан, Ұйғыр ауданында – 4, Кеген ауданы мен Қапшағай қаласында 3 жағдайдан, Сарқан ауданында – 2, Жамбыл ауданында 1 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, 162 адам емделіп шықты.

Бүгінгі мәлімет бойынша Алматы облысында 1337 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 71 адам түскен. Ауруханалардағы төсек-орын саны - 2840. Төсек-орын жүктемесі – 47 пайыз. Соңғы 3 күнде 6798 адамның сынамасы ПЦР зертханаларында тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 762 083. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны 672 495 адамды құрады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"