НАРЫНҚОЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАУЫРЫНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕГЕН БАЛУАН, СПОРТ ШЕБЕРІ

Уақыты: 01.08.2022
Оқылды: 1788

Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылдық округінің әкімі Амангелді Шенебеков – кезінде қазақ күресінен, самбодан спорт шебері атанған, жауырыны жерге тимеген балуан.

Жақында аталмыш аудандағы Сарыбастау ауылында Амангелді Шенебековтің құрметіне қазақша күрестен республикалық турнир өтті.

Жарыстың қорытындысында 110 келі салмақ дәрежесінде Еңбекшіқазақ ауданынан келген балуан Нұрғали Жолтаев чемпион атанды. Кербұлақ ауданынан келген Алмат Серікбаев 2-орынға, Алакөл ауданынан қатысқан Мәди Еділбаев 3-орынға ие болды. 65 келі салмақ дәрежесінде Қарасаз ауылының балуаны Әкежан Біләлов 1-орынды жеңіп алды. Іле ауданының тұрғыны Әли Жағыпар 2-орыннан, Сарыжаз ауылының азаматы Ақжол Әбділда 3-орыннан көрінді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы лайықты марапатталды. Бұл игілікті шараға Сарыбастау ауылының азаматтары, шәкірттері ұйытқы болғанын айта кеткен жөн.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы,

Алматы облысы