АҚБАЯННЫҢ АСУЫ

Уақыты: 19.02.2023
Оқылды: 2142

Астанада жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Х  жабық Азия чемпионаты өтті. 31 мемлекеттің басын қосқан додада жетісулық желаяқтар да бақ сынап, намысқа тырысты. 

Үкілеп қосқан жүйріктеріміздің ішінде Ақбаян Нұрмәмет 1500м. қашықтықта тамаша өнер көрсетіп, қола жүлдені уысына түсірді. Сондай-ақ, жетісулық желаяқ спорт шеберін орындады. Сонымен қатар, осы қашықтықта Мадина Керимова 5-орын алса, аты алысқа кеткен Иван Иванов ядро итеруде 4-орынға  табан тіреді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"