ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ НЫҒАЙТАМЫЗ? ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖОБА

Уақыты: 29.07.2022
Оқылды: 1708
Бөлім: РУХАНИЯТ

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Замандас» отбасылық аула клубында «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасын іске асыруға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуды мақсат еткен шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген гранттық қаражат есебінен іске асырылмақ.

Жоба еліміздің барлық өңірінде сәуір-қараша айларында жүзеге асырылады. Онда білікті отбасылық психологтарды тарта отырып, жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша республикалық жобалық кеңсе қызметі көрсетіледі. Жоба бойынша кез келген жастағы тұрғын күнделікті 10-18 арасында онлайн және оффлайн форматта кеңес алады.

Тағы бір бағыты – білім беру ұйымдарында саналы ата-ана, әке болу мәселесі бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде, балалар мен ата-аналардың бос уақытты тиімді ұйымдастыру жолдары да қарастырылған. Белсенді қатысушыларды марапаттау, байқаулар, акциялар, онлайн және оффлайн дәрістер, семинарлар мен топтық тренинг және шеберлік сабақтары өткізілмек.

Егер жобаға қызығушылық танытқандар болса, Youtube арнасында «Бақытты отбасы атанудың жолдары қандай?» атты видеоресурсты көруі тиіс. Онда кемінде 500 жұп отбасылық құндылықты нығайту бойынша сұрақтарға жауап таба алады. Ақпараттық қолдау әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көрсетіледі. Оқыту мен кеңес беру мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді.

Қажет АНДАС