Жерлесімізге «Umai – 2023» сыйлығы табысталды

Уақыты: 26.12.2023
Оқылды: 821
Бөлім: РУХАНИЯТ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Umai – 2023» ұлттық өнер сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерін елеулі шығармашылық жетістіктері үшін қолдауға бағытталған байқау биыл екінші рет өтіп отыр. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Umai 2023» ұлттық өнер сыйлығы еліміз үшін ерекше маңызға ие деп атап өтті.

– Біздің өнеріміз бен мәдениетіміз қоғамдық тұлғаны тәрбиелейді. Президентіміз үнемі осы қағиданы айтып келеді. Бұл біздің болашағымызға қажет рухани саясат. Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен реформаларының түпкі мақсаты – мемлекетіміз үшін ортақ іске елеулі үлес қосатындарға жан-жақты қолдау көрсету. «Umai» сыйлығы да осындай қолдаудың жарқын көрінісі, – деді министр. 

Биыл ұйымдастыру комитетіне қатысушылардан 322 өтінім келіп түссе, финалға 114 адам өткен. Олардың 29-ы сыйлықтың иегері атанды. Осы орайда «Umai – 2023» ұлттық өнер сыйлығының жеңімпаздары қатарынан ҚР Халық әртісі Алмахан Кенжебекованың табылғанын, жерлесіміздің «Театр өнері» аталымы бойынша «Актерлік шеберлік» (үздік әйел адам рөлі) сыйлығымен марапатталғанын айта кеткен жөн. 

"Жетісу-Ақпарат"