Қылқала мен қара өлең

Уақыты: 07.06.2018
Оқылды: 1578
Бөлім: РУХАНИЯТ

Кітапханашылардың оқырманмен жүргізер қызметінің ішіне өнерді, өнер туындыларын насихаттау да кіреді. Осы мақсатта Алматы сән және дизайн колледжінде қазақтың әйгілі суретшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Мәлік Қайдаровпен және оның жары, қазақтың ақын қызы Айсұлу Рүстемовамен кездесу кеші өтті.

Кездесу алдында бір күн бұрын оқу орнының көрме залында суретшінің 11 картинасынан көрме ұйымдастырылды. Өздеріңізге белгілі М. Қайдаров картиналары әлемнің Швейцария, Бельгия, Дания, Түркия, Қытай, Ресей сынды елдерінде көрмелерге қойылған. Ал бүгінде Қазақстандағы көрмелер осы қылқалам шеберінің туындыларынсыз өтпейді деуге болады. Шыны керек осындай тұлғаның біздің оқу орнымызда шағын да болса көрме ұйымдастыруы біз үшін үлкен құрмет болды.
Көрмеге суретшінің  көпшілікке танымал «Құмдағы іздер», «Түмен әулие», «Қара шал» атты картиналары қойылды.
Кездесу өнердің тарихына қажетті танымдық еркін сұхбат түрінде өрбіді. Сондай-ақ, колледж студенттері Айсұлу Рүстемова шығармашылығынан өлеңдер оқыды. 
Кездесу соңында кеш иесі кітапханамызға сурет технологиясы жөнінде қазақ тіліндегі оқулығын және «Қыз қуу» атты картинасын сыйға тартты. Ал Айсұлу Рүстемова бірнеше өлеңдер жинағын тарту етті. Колледж студенттері қонақтармен естелік суреттерге түсіп, қолтаңбаларын алды.

Назым КАБЕСОВА,
Гульвера САДИРОВА,
АСжДК кітапханашылары