"Қандай құрметке де лайық": Белгілі мецанат ұлтқа еңбегі сіңген екі бірдей қазаққа темір тұлпар мінгізді

Уақыты: 23.10.2023
Оқылды: 509

Белгілі меценат Сырымбек Тау көп мақтауына ие болған “Міржақып. Оян, қазақ!” фильмінің режиссері Мұрат Есжан мен солтүстікті қазаққа толтырам деп шыпқылап жүрген белсенді Бурахан Дақановқа темір тұлпар тарту етті. 

Бұндай жаңалықты Бурахан өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

 Автокөлік кілттерін тапсыру жаңа кеңсенің ашылу салтанатында өтті.

"Бұл қазақстандық қоғамды кинозалдарда біріктірген тұңғыш фильм болды. Отандық картина көрермендердің жүрегіне жетті. Мұндай фильм режиссерінің еңбегі қандай құрметке де лайық, сол себепті ел жанашырына алғыс ретінде біз оған автокөлік сыйлауды ұйғардық", – деді Сырымбек Тау.