ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТАҒЫ БІР ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҒЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Уақыты: 27.07.2021
Оқылды: 1115
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыс бойынша департаментінің лауазымды тұлғаларын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша әшкереледі. Бұл туралы "Жетісу" газеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Осылайша, осы департаменттің басшысы өзіне бағынышты – бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен осы мекемедегі электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу күдігіне ілінді.

Аталған тұлғалар пара алу және беру, сондай-ақ, осыған делдал болу фактілері бойынша өз кінәларын толық мойындауларына байланысты ұсталған жоқ. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан