АЛАКӨЛДЕГІ ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС: ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІС ҚОЗҒАДЫ

Уақыты: 16.08.2021
Оқылды: 1516
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алакөл жағалауында демалушылар жаппай төбелесті. Жанжал Ақши ауылындағы дәмхананың бірінде болған.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға тамыздың 15-нен 16 қараған түні Алакөлде демалушылар көп келетін аумақтың бірінде болған. «Қылмыстық кодекстің 293-бабы, яғни, бұзақылық бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Жанжалды шығарғандарды анықтау, іздеу жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, топтасып төбелесу фактісі бойынша куәгерлер не болмаса зардап шеккендер әзірге полицияға хабарласпады», - деп мәлімдеді аталған ведомство өкілдері. Полиция ақпаратына сәйкес, дәмхана әкімшілігі бұзақыларға қатысты арыз жазған. Тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"