ОБЛЫС АУРУХАНАЛАРЫНДА 562 АДАМ КОРОНАВИРУС ДИАГНОЗЫМЕН ЖАТЫР

Уақыты: 27.01.2021
Оқылды: 1104
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте, яғни, 26 қаңтар күні Алматы облысы бойынша 71 адамнан коронавирус анықталды. Облыс ауруханаларында 562 адам ковидке қарсы ем қабылдап жатыр. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның ішінде, Талдықорған қаласында – 29, Талғар ауданында – 13, Текелі қаласында – 10, Көксу ауданында – 5, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Панфилов және Ұйғыр аудандарында – 3, Іле ауданында – 2 жағдай тіркелді.

Қазіргі таңда ем қабылдап жатқандардың ішінде 29 адамның жағдайы ауыр, 378 адам амбулаториялық ем алуда. Айта кетейік, 25 қаңтарда Алматы облысында 79 адам ковидке шалдыққан еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"