МАС ЖҮРГІЗУШІ ҚАҒЫП КЕТКЕН ОҚУШЫ ҚЫЗ АУРУХАНАДА КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 15.03.2021
Оқылды: 1439
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші көлігімен қаққан оқушының бірі ауруханада көз жұмды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қайғылы оқиғаны Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"