КОРОНАВИРУС: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАЙТА КҮШЕЙЕДІ

Уақыты: 18.03.2021
Оқылды: 1038
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының бас мемлекеттік санитары карантин режимі мен кейбір шектеу шараларын күшейту туралы тағы бір жаңа Қаулы (үстінен басыңыз) шығарды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Жаңа Қаулыға сәйкес, мына нысандардың қызметі тоқтайды:

- Залдарда толымдылық 50 пайыздан жоғары, соның ішінде, 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар);

- 25 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар;

- балаларды сауықтыру лагерлері;

- балалардың ойын-сауық орталықтары;

- ойын-сауық нысандары, оның ішінде, түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, PS-клубтар, компьютерлік клубтар, цирк, бильярд залдары.

20-24 наурыз аралығында сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары, ашық азық-түлік емес базарлар, қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, кафе, дәмхана, банкет залдары, фудкорт, асхана, донер, барлар), кинотеатрлар мен театрлар қызметіне тыйым салынады.

Қаулы 20 наурыздан бастап күшіне енеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан