Бес қыз құрама сапын толтырды

Уақыты: 29.08.2023
Оқылды: 739
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өскеменде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жаңадан жасақталған «Жетісу» клубының 5 ойыншысы шақырту алып, алда болатын Азия ойындарына қатысуға ниетті. 

«Жетісу» волейбол клубы Бурабайда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бірінші жаттығуды Қырғызстанда өткізген болатын. Былтыр «Жетісу» сапынан Ұлттық құрамаға бірде-бір ойыншы шақырту алмаған еді. Күзде болатын Азия ойындарына дайындық жақсы. Талдықорғандық команда сапынан Татьяна Никитина, Юлия Якимова, Валерия Чумак, Екатерина Жданова, Ольга Хаджиоғло ұлттық құрама орналасқан жерде жүр. Жетісудың қызы Юлия Якимова бірінші мәрте Қазақстан құрамасының қатарына қосылып отыр. 

Қали АСҚАР