«ЖЕТІСУҒА» ЖАҢА ОЙЫНШЫ КЕЛДІ

Уақыты: 29.08.2023
Оқылды: 992
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Футзалдан Ұлттық құраманың ойыншысы Арнольд Кнауб  «Жетісумен» келісімге келді. Осыған дейін оқу-жаттығу жиынына қатысқан ойыншы алдағы маусымды талдықорғандық команда қатарында өткізеді. 

28 жастағы Арнольд Кнауб футзалдағы мансабын Қарағандының «Тұлпарынан» бастады. Одан кейін 2016-2020 жылдар аралғында «Жетісудың» намысын қорғады. Кейінгі 3 жылда «Ақтөбе», «Каспий» сапында ойнады. 

Футзалдан ел кубогы 2 қыркүйекте Таразда басталады. «Жетісу» «Д» тобында «Рахмет» (Ақтөбе), «Семей» командаларымен ойнайды. Кубоктағы ойындар аяқталғаннан кейін 1-2-турда «Жетісу» Талдықорғанда «Каспиймен» жолығады.

Серік Қантай