АДАМС «ЖЕТІСУҒА» КЕЛДІ

Уақыты: 08.07.2023
Оқылды: 708

Ресейлік қорғаушы Лайонел Адамс елдегі жазғы трансферлік ауыс-түйісте «Жетісу» сапына келіп қосылды.


Ол Мәскеудің «ЦСКА» футбол клубының түлегі. 18 жасында «ЦСКА» жастар командасында ойнады. Өз елінің жасөспірімдер құрамында болды.

Лайонел «ЦСКА» Мәскеу, «Енисей» Красноярск, «Волга» Тверь, «Камаз» Набережные Челны, «Бананц» Ереван, «Серседа» Испания, «Ислочь» Беларусь, «Ван» Чаренцаван, «Будучность» Черногория сияқты клубтарда өнер көрсетті.

Ал қазақстандық жанкүйерлерге Лайонел «Каспий» және «Тұран» командаларындағы ойыны арқылы жақсы таныс. Адамс «Жетісуға» тәжіктің «Худжанд» клубынан ауысып келді.