Екі қазақстандық боксшы 3 жылға спорттан шеттетілді

Уақыты: 10.07.2023
Оқылды: 671

Бокстан Қазақстан құрамасы допинг дауына ілінді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық допингке қарсы орталықтың мәліметінше, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Намотали Толтаев анаболикалық стероид деп есептелетін оралтуринаболды қолданған, сондықтан ол 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілген.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық боксшы Серік Абзалдың ағзасынан метастерон табылды. Ол 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін дисквалификацияланды.

Айта кетейік, биыл 22 жасқа дейінгілер арасында Бангкокта өткен Азия чемпионатында Серік күміс медаль иегері атанған еді.

Фото: ашық дереккөзден