"СПОРТТАН КЕЙІН БАҒАЛАМАЙДЫ". ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ ӨЗ МЕДАЛДАРЫН БІР ОТБАСЫНА БЕРДІ (+ВИДЕО)

Уақыты: 11.07.2023
Оқылды: 984

Бокстан Бейжің Олимпиадасының (2008), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2007) Еркебұлан Шыналиев өзінің ірі жарыстарда жеңіп алған 30-дан астам медалін бір отбасына берді. Бұны Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" ютуб бағдарламасында көрсетті.    


Боксшы бұл ісін көргендер мұқтаж отбасына көмектеседі деген оймен жасаған. Олимпиаданың, Әлем чемпионатының қола медалі, "Құрмет" орденін берген Шыналиев "мен үшін бұның бәрі сақырлаған дүние. Қаражатым болмағаннан кейін дәл осылай қуантып, қолдау білдіргім келді" дейді. Шымкент қаласы, Жалын ықшам ауданында тұратын жанұяның отағасы және екі баласы І-топтағы мүгедек.    

Сұхбат барысында Шыналиев 13 жылдан бері жұмыссыз жүргенін, ешкім орын ұсынып хабарласпағанын айтты. Сөзарасында спорттық мансабын аяқтаған кез келген белгілі адамды ешкім бағаламайтындығына тоқталды. Оған Владимир Седовтан бастап көптеген нақты дәлелді келтірді. Боксшы Шымкент қаласынд, Түркістан облысында спортты білмейтіндердің сол саланы басқарып отырғандығына да күйінді.