БҮГІН СПОРТТА. РЫБАКИНА ШИРЕК ФИНАЛДА ОЙНАП, "АСТАНА" ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫН БАСТАЙДЫ

Уақыты: 12.07.2023
Оқылды: 822

Бүгін ел спорты үшін айтулы даталардың бірі. Ірі жарыстарға қатысып жатқан спортшыларымыз бен клубтарымыздың ойынына куә болатын сәт. Осы орайда 7su.kz желілік басылымы бүгінгі болатын спорттық жарыстардың уақытымен, қайдан көруге болатындығын ұсынады. 


ФУТБОЛ

Абзал Бейсебеков

20:00 - УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчы. "АСТАНА" - "Динамо Тбилиси" (Грузия) - QazSport 

Ойын "Астана Аренада" өтеді. Кездесу алдында болған баспасөз мәслихатында "Астананың" капитаны Абзал Бейсебеков ойыншылардың кездесуді жыл басынан күткендігін, команда барын салатындығын айтты. "Астана" Чемпиондар лигасының алдында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Александр Марочкинді "Тобылдан" сатып алды. Одан бөлек босниялық жартылай қорғаушы Степан Лончарды да тізімге енгізді. "Астана" кейінгі ойынында ел кубогының жартылай финалында "Ордабасыдан" 0:2 есебімен жеңілген болатын. Ал "Динамо Тбилисмен" алғаш рет ойнамақ. 


ТЕННИС 

Елена Рыбакина

18:30 - "Уимблдон 2023". ЕЛЕНА РЫБАКИНА - Онс Жабер (Тунис) - EuroSport.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында Онс Жабермен ойнайды. Төтінші айналымда Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад Майяның ойын ортасында жарақатына байланысты бас тартуын орай келесі кезеңге өткен. Ал Жабер болса чех Петра Квитованы сенімді жеңді (2:0 – 6:0, 6:3).  Әлемнің 6-ракеткасы Жабермен Рыбакина осыған дейін төрт рет кездесті (екеуі де екіден жеңді). Рыбакина өткен жылы «Уимблдонның» финалында Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, чемпион болған еді.


ВЕЛОСПОРТ

Евгений Федоров

17:30 -  "Тур де Франс". 11 кезең. Клермон-Ферран – Мулен - EuroSport.

Кеше велошабандоздар Вулкания – Иссуар арасындағы 167,2 шақырым жолды бағындырды. Мәреге бірінші болып «Bahrain Victorious» (Бахрейн) командасының испаниялық мүшесі Пельо Бильбао келді. Жарыс жолында алты шабандозбен қалған «Астаналықтардың» нәтижесі 10 кезеңдегі –  24-орын Давид Де Ла Крус, 85-Джанни Москон, 109-Харольд Техада келсе жетісулық Евгений Федоров 117 болып мәреден өтті. Ал ел чемпионы Алексей Луценко 132-болып келді.