ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ АҢЫЗЫ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

Уақыты: 12.07.2023
Оқылды: 741

Қазақ футболының аңызы, ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 


Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді.