8 ЕДІ, 10 БОЛДЫ

Уақыты: 24.07.2023
Оқылды: 662

«Жетісу» футбол клубының құрамында жазғы трансферлік кезеңде үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған дейін Премьер-лигадағы командада 8 жеріглікті ойыншы болса, енді оған екі талдықорғандық қосылды. «Жетісу» футбол клубының құрамында 10 жетісулық ойыншы бар, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Жергілікті футболшылардың саны артып келеді. Осыған дейін Асхат Балтабеков, Аслан Әділ, Рауан Орынбасар, Нұрбол Нұрбберген, Мади Хасейн, Равиль Атыханов, Рафкат Аслан және  Давид Есімбеков негізгі команданың қатарында болса, енді Екінші лигада ойнап жүрген жастарымыздан қақпашы Дастан Данабеков, шабуылшы Ержан Кәрімов қосылды.

Бұл жөнінде команданың спорттық директоры Дәулет Иманқұлов "жергілікті футболды дамыту жоспары бойынша әр жақсы ойнаған жасты негізгі командамен жұмыс істеуге шақырамыз. Ал ол жерде өзін көрсетіп, тиісті шепте өзі жүретін болса біз үшін ерекше жағдай" дейді.