Руслан Құрбанов Миланды "иландырды"

Уақыты: 27.07.2023
Оқылды: 661

Бүгін Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz дерегіне сүйеніп. 

Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15-12 есебімен ұтты. Алайда жартылай финалда мажарстандық Мате Кохпен болған тартысты айқаста қарсыласқа 10-15 есебімен жол жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, 31 жастағы Құрбанов 2017 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері.

Фото: FIE