АЗИЯДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Уақыты: 26.07.2023
Оқылды: 430

Алматыдағы «Sadu Arena» кешенінде каратэ шинкиокушинкайдан 21 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионаты өтті. Айтулы жарыстан спортшыларымыз уыстап жүлде алды. Оның ішінде жетісулық өрендер де бар. Ал жарысқа 10 елден 300 спортшы қатысты.


Қазақстанның каратэшілері Азия құрлығында мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өз кезегінде жетісулықтар жоғары нәтиже көрсетті.

Өңірімізден барғандар жалпы 10 медаль алды. Атап айтсақ, Зейнеп Асхат (35 келі), Дария Никитина (60 келі) алтынға ие болса, Данелия Ақатаева (60 келі) күміс медальға қол жеткізді. Одан бөлек 7 спортшымыз үздік үштікті түйіндеді. Жас спортшыларымыз үшін бұл табысты жетістік.