ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСТА ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ (+ВИДЕО)

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 560

"Astana Qazaqstan Team" Испаниядағы бір күндік "Сиркуито де Гечо" (Гечо туры) веложарысында үлкен табысқа қол жеткізді. Қазақстан құрамасының лидері Алексей Луценко жеңімпаз болса, 3-болып команда мүшесі, Италияның чемпионы Симоне Веласко келді. 


 Алексей Луценко Бильбаодан Гетчоға дейінгі 193,3 шақырымды 4 сағат 19 минут 10 секундта бағындырды. Ал 2-орынды "Lidl-Trek" командасының мүшесі француз Тони Галлопин алды.  

- Командамыз үшін ерекше күн болды. Сөреден мәреге дейін жоспарлы түрде қимылдадық, тактика бойынша әр қадамды жүзеге асырдық. Бұл жеке менің емес, команданың жеңісі. Барша команда мүшелерін және қазақстандықтарды құттықтаймын,- деді жеңімпаз Алексей Луценко. 

Команданың басқа шабандоздары Евгений Федоров 20-шы, Нұрберген Нұрлыхасым – 55-ші болып келді.  Ал Фабио Феллине, Леонардо Бассо және Хавьер Ромо мәреге жете алмады.

"Circuito Getcho"

 Bilbao — Getxo. 193.3 шақырым

1. Алексей Луценко (Қазақстан, "Астана") — 4:19:10
2. Тони Галлопен (Франция, "Lidl-Trek") — +0:24
3. Симоне Веласко (Италия, "Астана") — +0:33

20. Евгений Федоров (Қазақстан, "Астана") — +8:04
55. Нұрберген Нұрлыхасым (Қазақстан, "Астана") — +15:42.