Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатын 3 алтынмен аяқтады

Уақыты: 03.11.2023
Оқылды: 870

Астана қаласында Қазақстан қыздар құрамасы бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткендей, құрлықтық додада Аяжан Сыдық (54 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг) және Алина Құдайгенова (63 кг) жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ Айым Тәңкібаева (46 кг), Сила Биболсынқызы (48 кг), Ақбота Есімбекова (70 кг), Аружан Зейноллаева (75 кг) күміс, Айша Сариева (52 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Құралай Егінбайқызы (80 кг) және Панар Сейтқанқызы (+80 кг) қола жүлдеге ие болды.

Бұған дейін қазақстандық жасөспірім қыздар Азия чемпионатында 2019 жылы – 3, 2021 жылы – 4, 2022 жылы 2 алтын медальға қол жеткізген болатын.

Биылғы жарыста жалпы жүлде кестесінде Үндістан 5 алтын, 3 күміс, 5 қоламен көш бастаса, Өзбекстан (4 алтын, 5 күміс, 3 қола) екінші орынға орнықты. Қазақстан үздік үштікте.

Фото: instagram/boxingkazakhstan