Оқи отырыңыз
Орта салмақтағы WBO, IBF титулдарының иегері, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) міндетті қарсыласпен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Денис Радован (17-0-1, 8 КО) мен Андрей Михайловичтің (20-0, 12 КО) жекпе-жегінде жеңіске жеткен боксшы Жәнібек Әлімханұлына міндеті қарсылас болады.
Д.Радован мен А.Михайлович 16 желтоқсанда Сандерлендте өтетін Джош Келли мен Рурк Кнапп жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасуы мүмкін. Екеуінің қай жеңгені Жәнібек Әлімханұлының IBF титулына таласады. Қазір Qazaq Style қарсыласын күтіп отыр.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly