Қазақстан теннисші қыздары әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Уақыты: 07.11.2023
Оқылды: 523

Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Марат Шәріповтің шәкірттері алғашқы кездесуінде Аргентина командасын жеңді.

Алдымен Полина Слепцова (224 ITF Juniors ranking) мен Соль Айлин (117 ITF Juniors ranking) кортқа шықты.

Тартысты матч қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды – 7:6 (9:7), 6:3.

Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен айласын асырды.

Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарына есе жіберді - 5:7, 6:4, 10:12.

Жалпы есеп – 2:1, Қазақстанның пайдасында.

Командалық әлем чемпионатының В тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді.

Ұлыбританиялықтар бразилиялықтарды 3:0 есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қазақстанның екінші ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев София турнирінің ширек финалына шықты.