Әлем чемпионы Жанқош Тұраров WBA рейтингінде жоғарлады

Уақыты: 04.03.2024
Оқылды: 441

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақта рейтингін жаңартты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Жаңа тізімде, қазақстандық Жанқош Тұраров бір саты көтеріліп, жартылай орта салмақта алтыншы орынға тұрақтады. Жанқош кейінгі рет былтыр желтоқсанда жұдырықтасып, жапониялық Акихиро Кондоны жеңген болатын. Осылайша, ол IBO чемпиондығын қорғап қалды және WBA Gold белбеуін иеленді.

Жаңа рейтингте Бек Нұрмағанбет те тоғыздан оныншы орынға көтерілді. Ал ауыр салмақтағы Иван Дычко 15-сатыда қалды, Батыр Жүкембаев та өз дивизионында 11-орында өзгеріссіз тұр. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зауырбек те бесінші орында қалды.

Фото: instagram.com/zhankoshturarov