Бокстан лицензиялық турнир: Қазақстандық тағы бір боксшы жеңіске жетті

Уақыты: 06.03.2024
Оқылды: 382

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде тағы бір боксшымыз жеңісіне сенімді түрде қол жеткізді.

Нақтырақ айтсақ, әлемдік лицензиялық турнирдің үшінші жарыс күні 63,5 келі салмақта ел намысын қорғаған боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жарқын жеңісімен қорытындыланды.

Ол бүгін Тринидад және Тобаго елінің өкілі Доннел Филиппен жұдырықтасып, жекпе-жекті бірден қарқынды бастады. Тіпті, бірінші раундта-ақ қарсыласын қаймықтырып тастады. Үшінші раундта нокдаун тіркелді. Осылайша отандасымыз жеңісіне сенімді түрде қол жеткізді.

Фото: qaz_olympics