Қазақстан құрамасының капитаны Олимпиадаға іріктеу кезеңінде жеті дүркін чемпионды жеңді

Уақыты: 06.03.2024
Оқылды: 420

Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасына жолдама жолындағы жарысты жеңіспен бастады, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ол 71 келіде жұдырықтасып, алғашқы айналымда финляндиялық, өз елінің жеті дүркін чемпионы Сэм Мороватиді сенімді ұтты.

Осылайша, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбайлардың ізімен, Шымбергенов те екінші айналымға өтті. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның бокстан 2024 жылғы Олимпиадаға екі лицензиясы бар: Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) жеңіп алды.

Фото: olympic.kz