Головкин әлемдегі ең мықты чепионнан асып түсті

Уақыты: 07.03.2024
Оқылды: 453

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық Сергей Богачук (23-1, 23 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) қазіргі замандағы ең мықты боксшылар тізіміне қосты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Богачук өз тізімінде Головкинді екінші орынға қойыпты, ал көш басына суперауыр салмақта WBA, WBO, IBO және IBF чемпионы отандасы Александр Усикті (21-0, 14 КО) көтеріпті. Үшінші екі салмақта абсолют чемпион болған америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО).

Қазіргі таңдағы ең мықты 3 боксшы:
1. Александр Усик
2. Геннадий Головкин.
3. Теренс Кроуфорд", - дейді Богачук Sport-express.ua басылымына берген сұхбатында.

Фото: Matchroom Boxing