КӘСІПОРЫНДЫ ҚОРҒАДЫ

Уақыты: 15.09.2022
Оқылды: 1175
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы сотта тағы бір кәсіпорынды қорғады. «Карьер Ақсай» ЖШС әкімшілік талап-арызы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны орындау үшін бес күн мерзім белгілей отырып, «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ келісімшартының қолданысын тоқтата тұру туралы бұйрықтың күші жойылды.

Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен аталған басқармаға әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 171-бабының 2-бөлігі тәртібінде сот шешімінің заңды күшіне енген күннен бастап белгіленген мерзімде орындалуын түсіндіру және бұл туралы сотқа жазбаша хабарлау тапсырылды. Сот белгілеген мерзімде сот шешімін орындамағаны үшін жауапкерге 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу туралы аталған басқармаға әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 127-бабының 5-бөлігі тәртібімен түсіндіру жүргізу көзделді.

Осыған орай, шешімде тағы бір көрсетілген төленген мемлекеттік баж салығына байланысты «Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақсай карьері» ЖШС төленген мемлекеттік бажды 1590 теңге сомасында қайтару ұсынылды. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтініш-хатын әкімшілік процеске қатысушылар, прокурор ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 168-бабының талаптарын сақтай отырып, шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап екі ай ішінде Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты арқылы Алматы облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына бере алады.

А. ЫБЫРАЙ
Алматы облысы