"Мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады": Тоқаев мектепке кез келген адамды ала бермеуді ескертті

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 1038
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында мұғалімдер мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Тиісінше, мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажетін айтты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорда дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

"Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті, мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл - өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет", - деді ол.

Сонымен қатар, білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетінін айтты. 

 

Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады.Осыған байланысты, тиіс бағдарлама қабылданады. Кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті", - деді Президент.

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ