«Талдықорған» ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтуде

Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 417
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін Наурызнаманың «Ұлттық спорт күніне» орай Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен Жетісу облысының чемпионаты өтіп жатыр. Онда 4 спорт түрінен 130-ға жуық спортшы қатысуда.

«Талдықорған» ипподромында өтіп жатқан жарысқа қатысушылар ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу түрлерінен бақ сынасуда. Атап айтқанда, көкпардан Ескелді,  Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов аудандарынан 60 спортшы, жалпы саны 5 команда қатысып жатыр. Сол сияқты аударыспақта 47 спортшы, Жамбы атудан 9 спортшы, теңге ілуден 11 спортшы сайысқа түсуде.

Ұйымдастырушы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, спорт жарыстарының қорытындысы бүгін кешке шығарылып, жеңімпаздар марапатталатын болады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.