ТАЛДЫҚОРҒАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА КИНОТЕАТР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Уақыты: 01.10.2020
Оқылды: 1058
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған қаласында ашық аспан астындағы кинотеатр жұмыс істей бастады. Жұмыстан кейінгі кешкі уақытта Журналистер үйінің алдындағы үлкен экраннан әртүрлі жанрдағы фильмдерді тамашалауға мүмкіндік бар. Бұл іске Алматы облысының ішкі саясат басқармасы ұйықты болып отыр.

Әлемдік пандемияның салдарынан көптен бері кинотеатрлар жұмысын тоқтатқан еді. Бұл бастама облыс тұрғындарының, әсіресе, жастардың қолдауына ие болып отыр. Ашық аспан астындағы кинотеатрда ең бірінші "Құнанбай" фильмі көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең алдымен, отандық кинотуындыларға баса назар аударылады. Бұл - өз еліміздің өнеріне деген құрмет дейді басқарма өкілдері.

Үлкен экран алдында бос алаңқай, көлік қоятын арнайы тұрақ бар. Киноны арнайы көлік ішінде отырып та тамашалауға болады.

Айта кетейік, таза ауада тамашалайтын кинотеатр идеясының авторы - Елбосын Абай. «Таз ауада өткізілген кино көрсетілімі көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Талайдан бері барлық ойын-сауықтық орындардың жұмысы шектетілген еді. Осы шара арқылы тұрғындар кішкене болса демалса керек. Тек қана көңіл көтеру емес, сонымен қатар, тарихқа көз жүгіртіп, тәлім-тәрбие, өмірге қажетті кеңес алады деген ойдамын», - дейді идея авторы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"