ҚАЗАҚ ТІЛІ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ТІЛІНЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК: ОНЛАЙН ТРЕНИНГ

Уақыты: 02.10.2020
Оқылды: 1303
Бөлім: РУХАНИЯТ

Республикада «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасындағы әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасы білім беру онлайн-лагерінің тренингтері өтіп жатыр. Жобаның ұйымдастырушысы - Ұлттық Дельфий комитеті, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.

Оқыту Halyk Tarihy мобильдік қосымшасы базасында ашық қолжетімділікте орналастырылған жобаның интеллектуалды викторинасына қатысу арқылы алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі этномәдени бірлестіктердің 100 белсендісіне арналып өткізілуде.

Бес күн бойы білім беру тренингтерінің қатысушылары көпэтносты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үлгісінің негізгі аспектілері; тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды топтастыру; қазақ тілі – этносаралық келісімнің негізі, жобаларды басқару және жаңа медиа қоғамдық пікірге әсер ету бағыттары бойынша мәлімет алады.

Жоба тренерлері - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, «Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ төрағасының орынбасары, ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы МБА филиалының директоры Белла Газдиева, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры Наталья Калашникова, PR-эксперт, «Rona Group» коммуникациялық агенттінің жетекшісі Мира Билялова, "Вolashak RL” жобаларды басқару тобының жетекшісі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Бірлік Меңдібаев.

Тренингтің нәтижесі бойынша 20 белсенді қатысушы Soft skills сұранысқа ие машықтар бойынша курстан өткендігі жайлы сертификат пен Қолданбалы этносаяси зерттеу институтында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі таңда жоба аясында Ұлттық Дельфий комитетінің әлеуметтік желілерінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, жастардың бірыңғай құндылықтарын, бірыңғай тарихи санасын қалыптастыру бойынша білім беру бейнедәрістері орналастырылған. Әрбір көңілі қалаған жан Ұлттық Дельфий комитетінің Уou-tube арнасындағы материалды тыңдай алады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, аталған жобаны өткізу қазақстандық жастар арасында әлеуметтік бірлік, мәдени мұра және этникалық ынтымақтастық құндылықтарын кеңінен ашуға мүмкіндік береді. 

Жобаның бейнедәрістері Уou-tube (үстінен басыңыз) арнасында қолжетімді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"