Егістікте қызу жұмыс

Уақыты: 28.09.2023
Оқылды: 1075
Бөлім: ОН САУСАҚ

Ескелді ауданында дәнді дақылдар өнімін жинау, қысқа жем-шөп дайындау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Аудан бойынша  32754,2 гектар жерге дәнді масақты дақылдар себілді. Бүгінгі таңда 11363,2 гектар бидай толығымен шабылып, жұмыс 100 пайыз орындалды. 16833 гектар арпаның 15150 гектары шабылып, өнім жинау жұмыстары жалғасуда.

Мал қыстау науқанына жоспарланған 108,3 мың тонна шөптің 96,4 мың тоннасы жиналды. Бұл қыс мезгіліне дайындықтың 90 пайыз орындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, 12,8 мың тонна пішендеме, 25,5 мың тонна сабанның 21,5 мың тоннасы, 24,9 мың тонна сүрлемнің 18,8 мың тоннасы бүгін де дайын. Жоспар бойынша 27,3 мың тонна мал азығы дайындалу қажет. Бүгінгі таңда жемнің 24,7 мың тоннасы яғни, жоспардың 90% толық орындалды. Алдағы уақытта да мал азығын дайындау жұмысы жүйелі атқарылады.

«Көксу қант зауыты» ЖШС қант қызылшасын қабылдау жұмыстарын бастауына байланысты ауданда қант қызылшасын өткізу жұмыстары қыркүйек айының соңында басталады деп жоспарлануда. Биыл қант қазылшасы 1911,6 гектар жерге егілді. 2024 жылға жоспар бойынша қант қызылшасының көлемі 2400 гектарды құрайды.

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
Ескелді ауданы