Көксулық кәсіпкер жол бойынан сервис орталығын ашпақшы

Уақыты: 12.10.2023
Оқылды: 1036
Бөлім: ОН САУСАҚ

Қазақ елінің ішкі және көшпелі туризмнің маңызды бөлігі – жол бойындағы сервистер.

Жол бойындағы қолжетімді сервистік нысандар жолаушылар үшін маңызды. Сонымен қатар бүгінгі таңда елге келушілер легін артыру кезінде шет елдердегідей ми дала кезіп саяхаттап келе жатқан жолаушылар тек үлкен қалалармен аудан орталықтарында ғана да емес, перспективалы жолдар бойындағы  ауылдардан да заман талабына сай ас ішіп, демала алатын орын мен дәретханалар қызметін таба алуы маңызды рөл атқаратынын ұмытпаған жөн. 

Транзиттік трасса турист алып келеді, ал осы мүмкіндікті пайдаланып, нәсібін көру үшін  қашанда қолайлы сервис қажет екені айтпасада белгілі. Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов, Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының туризм саласы бойынша салалық сарапшысы ЕльдарТасболатовпен  бірге «Туристік кластағы жол бойындағы сервис орталығын» ашқысы келетін «Асыл» шаруақожалығының басшысы, Көксу ауданының тұрғыны  Хаташ Абайға  мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары барынан кеңес беріп, жобасын талдады.

-   Бүгін бізден қолдау сұрап келген кәсіпкеріміздің ойына алған қиялындағы жобасы тек арман күйінде қалмас үшін, өз сүйемелдеуіме алдым,  - деді сарапшы Ельдар Тасболатов.

"Жетісу-Ақпарат"