ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА! КӨПБАЛАЛЫ АНА КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Уақыты: 24.08.2022
Оқылды: 1199

Талдықорған қаласының тұрғыны, төрт баланың анасы Айым Мұратханқызы жүрегі жомарт, қайырым мен мейірім көрсетуді сауапты іс деп білетін көпшіліктен көмек сұрайды.

Аталған отбасында елдің төрт бірдей ұланы өсіп келеді. Перзенттерін қатардан қалдырмауы үшін қанша тырысып жүрсе де, таршылық пен жоқшылық қармауында қалған ана: «Үйдің үлкені биыл 6-сыныпқа көшкен Нұрасылымның жүрегі ауырады. Туғанынан жүрегінде ақауы бар болғандықтан жиі шаншиды. Ал одан кейінгі қызым Айсұлу 5-сыныпқа, ұлым Қалқаман 2-сыныпқа көшті. Денсаулықтары жақсы. Дегенмен, кенже ұлым Әліби эпилепсияға шалдыққан. Қос перзентімнің денсаулығы сыр бергені жаныма қатты батады», – деп шырылдап, ел-жұрттан қаржылай жәрдем беруді өтінуде.

Тағдыр тауқыметін арқалаған отбасына қарлығаш қанатымен су сепкендей көмек көрсетемін деген ғазиз жүректі жандар мына есепшоттар: 4400 4301 4003 7414 Kaspi bank, +7 778 733 55 06 Kaspi Gold (Нұрай О, сіңлісі) арқылы жәрдемдесе алады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"