"Қазақстан халқына" қорына 22 миллиард теңге аударған адам белгілі болды

Уақыты: 26.07.2023
Оқылды: 1063

Биыл қаңтар-маусым айларында "Қазақстан халқына" қорына 23,4 млрд теңге түскен.  

23,4 млрд теңге сомадан 22,3 млрд теңгені Хорватия азаматтығы бар ресейлік кәсіпкер Василий Анисимов аударған. Анисимов Алматының тумасы екен.

2022 жылы Анисимов 1,6 миллиард долларлық байлығы бар адам ретінде Ресейдің ең бай кәсіпкерлерінің тізімінде 54-орынға ие болды.

Қорға тағы 1,05 млрд теңгені "Сәтті жұлдыз" компаниясы тапсырды.

Фото: көрнекілікке

Ақпарат: Stan.kz