ЖАҢБЫР, ЖЕЛ: АЛДАҒЫ ЕКІ КҮНДЕ ТАУЛЫ АЙМАҚТА АУА РАЙЫ ӨЗГЕРЕДІ

Уақыты: 19.09.2021
Оқылды: 936
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тағы бір ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 19-20 қыркүйек күндері Жетісу және Іле Алатауы аумақтарында жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларына бей-жай қарамауға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"