ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ САЙЛАУШЫЛАРҒА ӨЗ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Уақыты: 04.11.2022
Оқылды: 2352
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті.

Осы аптаның соңына дейін Павлодар, Жетісу, Алматы облыстарының және Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Мұнан бөлек, кандидаттың сенімді өкілдерінің қатысуымен еліміздің барлық өңірінде белсенді жұмыс жолға қойылған.

Қазақстан Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбековтің айтуынша, кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 19 қарашада аяқталады.  Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"