КӨКТАЙҒАҚ, ТҰМАН, ҚАЛЫҢ ҚАР: АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Уақыты: 07.11.2022
Оқылды: 1004
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады.

"Қазгидрометтің" дауылды ескертуінің негізінде 8 қараша күні Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түсіп, жаңбыр, қар жауады. Сондай-ақ, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысынан жел соғады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Тағы бір маңызды ақпарат - Алматы облысында ауа температурасы 2-7 градусқа дейін күрт төмендейді.

Жетісу облысында да таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 8-10 қараша аралығында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Шығыста және таулы аудандарда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

8 қарашада Талдықорған қаласында тұман болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"