ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ ТӨРТІНШІ ҚАБАТТАН ҚҰЛАП, МЕРТ БОЛДЫ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 08.11.2022
Оқылды: 1076
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда шетелдік азамат құрылысы жүріп жатқан нысанның төртінші қабатынан құлап кетті. Бұл туралы Рolisia.kz сайты мәлімдеді.

«24 жастағы жігіттің салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап кетіп, қаза болғаны анықталды. Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"