ҚАЗАҚСТАНДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ЖАРТЫСЫНАН КӨБІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАП ҮЛГЕРДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 850
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Орталық сайлау комиссиясы бүкіл ел бойынша халықтың сайлауға келуінің сағат 12.00-дегі алдын ала есебін жария етті.  

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 20 қараша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге қосылған азаматтардың 51,16 пайызы дауыс беру қағазын алған.

Тұрғындардың сайлауға келуінің пайыздық көрсеткіші жөнінен алда келе жатқан өңірлер:  

– Түркістан облысы – 76,61%;

–  Абай облысы – 69,32%;

– Ұлытау облысы  – 68,32%.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ