ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫ АУМАҚҚА КІРГІЗБЕК БОЛҒАН

Уақыты: 13.03.2023
Оқылды: 823
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы, Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №10 мекеменің жедел бөлім қызметкерлері тыйым салынған заттарды аумаққа кіргізбек болған күдіктіні қолға түсірді.

Ол мекеме аумағына қара түсті пакет лақтырған. Скотчпен оралған түйіншектер ішінен 5 дана ұялы телефон, 4 дана қуаттандыру жүйесі және әрқайсысының көлемі 0,5 литр болатын 4 пластик ыдыстың ішінде спирт тәрізді иісі бар мөлдір түсті сұйықтық тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік сотқа жіберілетін материалдар жиналды. Ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады, - деді ҚАЖД басшысының орынбасары Қанат Ашов.

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ