Жетісу өнімі Елордада

Уақыты: 23.09.2023
Оқылды: 604
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Астанада өтетін Жетісу жерінде өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне бару үшін әртүрлі азық-түлік, бақша дақылдары сынды жүк тиеген көліктердің керуені еліміздің бас қаласына аман-сау жетіп, Сарыарқа жұртшылығын қуанышқа бөледі.

Облыстың 8 ауданы мен екі қаласынан жиналған 54 түрлі ауылшаруашылық өнімдерінен 214,4 тонна Елордаға апарылды. Олардың ішінде ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, бақша дақылдары мен көкөністер, қант, ұн, дәнді дақылдар, өсімдік және төрт түлік майы, бал, қымыз, шұбат, айран секілді ұлттық сусындар және тағы басқа көптеген тауар бар.

Атап айтқанда, ет өнімдері – 21,6 тонна, балық өнімдері – 7 тонна, сүт өнімдері – 14,3 тонна, картоп – 13,4 тонна, көкөніс – 19,8 тонна, жеміс-жидек – 8,1 тонна, басқа өнімдер 134,6 тонна Астана жұртшылығы мен қала қонақтарына ұсынылады. Меже бойынша барлығы 500 миллион теңгенің ауылшаруашылық өнімін өткізу жоспарланған.

«Jetisy» ақпарат