«Ауыл аманаты» бойынша микрокредит алу үшін қаржыландыруға өтінім қабылдау 2 мамырдан басталады

Уақыты: 24.04.2024
Оқылды: 302
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Өңірлік даму институты» АҚ 2024 жылғы 2 мамырдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша микрокредит алу үшін қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлайды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы шарттар бойынша консультациялар, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі үшін Талдықорған қаласы, Абылайхан к., 113, 201-кабинет мекенжайына жүгінуді сұраймыз.

Байланыс телефондары: 87015872159, 87026777909