ӘЙЕЛДЕР 61 ЖАСТАН БАСТАП ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАДЫ - ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

Уақыты: 01.09.2022
Оқылды: 1493
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында айтты.

«Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Президент Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді тапсырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"